KASE мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады
10.09.14 18:26
/KASE, 10.09.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі
2014 жылдың 03 қыркүйегінде, KASE мүддесі бар және биржамен ерекше
қарым-қатынастағы тұлға ретінде "Сентрас Иншуранс" Сақтандыру
компаниясы" акционерлік қоғамымен жасалған жылжымайтын мүлікті
мәміле сияқты зиян шегуден сақтандыру қызметін мемлекеттік сатып алу
туралы келісімін жасауды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы
№ 72 қаулысымен бнкітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор
биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп
берушіліктерді және аудиторлық есептерді орналастыру ережелеріне
сәйкес, келесі ақпаратты жариялаймыз:
1. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің құны: 1 132 787 605 теңге
00 тиын.
2. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалау датасы:
қолданылмайды.
3. Мәміленің заты болып табылатын, мүлік құнының жалпы
активтердің құнына пайыздық қатынасы: 20,25 % (2014 жылдың
01 шілдесіндегі жағдай бойынша қоғам активтерінің жалпы
құнынан).
4. Мәміленің негізгі шарттары:
- Сақтандыру нысаны ретінде Биржаның иелігіндегі және
қолдынастағы жылжымайтын мүлігі болып табылады, сондай-
ақ оны жоғалту (қайтыс болу) немесе келісім-шартта
анықталған сақтандыру жағдайы басталған уақытта бүлінуіне
байланысты;
- Сақтандырылған Биржаның меншігіне жататын, Алматы
қаласы, Бостандық ауданы, "Almaty Towers" Көп салалы
кешенінің солтүстік ғимаратындағы, жалпы алаңы 3 019,7 м2,
тұрғын емес үй-жайлар мен көлік тұрағы орындары болып
табылады;
- Пайда көруші тарап Биржа болып табылады;
- Жалпы сақтандыру сомасы – 1 132 787 605,00 теңге;
- Сақтандыру мерзімі – 12 ай;
- Сақтандыру сыйақысы – 678 540,00 теңге.
5. Мәміленің жасалған күні: 2014 жылдың 04 қыркүйегі.
Биржаның жекелеген банктік операцияларды орындауға лицензиясы бар
болғандықтан, жасалған мәміле Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасындағы банк және банк қызметі туралы" заңының 40 бабының
10 тармағына сәйкес банктік емес ұйыммен ерекше қатынастармен
байланысты тұлғамен жасалған мәміле болып табылады. Аталмыш заңның
40 бабы 7 тармағына сәйкес, банкпен ерекше қатынастармен байланысты
тұлғамен жасалған мәміле банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша
орындалуы мүмкін.
[2014-09-11]