"HOMEBROKER" АҚ KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KKI_b1) облигацияларын "буферлік санат" санатына ауыстыруға негіздерді жою бойынша 2014 жылдың 01 шілдесіндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп берушілігі жарияланды
17.07.14 17:51
/KASE, 17.07.14/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "HOMEBROKER" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) ресми
хатпен төмендегіні хабарлады
...
Осыған дейін ұсынылған "HOMEBROKER" облигацияларын Қазақстан қор
биржасының "Борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат"
санатына ауыстыруға негіздерді жою бойынша іс-шаралар жоспарына
қосымша 2014 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша қол жеткізген
нәтижелер туралы хабарлаймыз.
Әзірленген жоспарға сәйкес "HOMEBROKER" АҚ облигацияларын
ұстаушыларға басқа эмитенттің облигациясына ауыстыру ұсынылған
болатын. Осы жоспардың орындалуы аясында БЖЗҚ басқа, барлық
ұстаушылар арасында облигацияларды алмастыру аяқталды.
"HOMEBROKER" АҚ сондай-ақ "Казкоммерцбанк" АҚ алдында өзінің
дебиторларына құқық талаптарын бере отырып, міндеттемелерінің бір
бөлігін өтеу туралы және басқа міндеттемелерді орындау мерзімін
2014 жылдың қыркүйек айына дейін ұзарту туралы келісімге қол қойып,
міндеттемелерді қайта құрылымдады.
Қазіргі кезеңде Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қорының қоржынындағы
облигацияларды алмастыру мүмкіндіктерін Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі қарастырып жатыр".
...
[2014-07-17]