KASE 2014 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БИРЖАНЫҢ ЕРЕКШЕЛЕНГЕН МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

29.05.14 18:11
/KASE, 29.05.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа)2014 жылдың 29 мамырында KASE 2013 жылдың қорытындысы бойынша ерекшеліктерімен көзге түскен биржа мүшелерін марапаттау рәсімін өткізді: 1) "Мемлекеттік бағалы қағаздардың биржалық нарығының көшбасшысы": - "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) – "алтын" диплом; - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы) – "күміс" диплом. 2) "Биржалық нарықтың үлестес құралдарының (акциялардың) көшбасшысы": - "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) – "алтын" диплом; - "Қазпошта" АҚ – "күміс" диплом. 3) "Биржалық нарықтың корпоративтік облигацияларының көшбасшысы": "Сентрас Секьюритиз" АҚ – "алтын" диплом; - "RESMI" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ "күміс" диплом. Аталмыш жеңімпаздар KASE Басқармасының 2014 жылдың 28 ақпанындағы шешімімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ ерекшеленген мүшелерін жыл сайын марапаттау Ережесіне сәйкес анықталды, мәтіні KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/diploms.pdf мекен-жайында орналасқан. KASE Басқармасы сондай-ақ "Биржалық нарықтың репо операциялары" номинациясы бойынша диплом бермеуді ұйғарды, себебі, үміткерлердің негізгі қызметіне байланысты кемшіліктері болды. Осы жағдай жоғарыдағы ережені басшылыққа ала отырып, KASE Басқармасына аталмыш номинация бойынша марапаттау жүргізуге мүмкіндік бермеді. KASE Басқармасы жаңа листинг компанияларының қаржы кеңесшісілерінің атқарған жұмыстары сапасы өз деңгейінде болмағандықтан "Жетекші қаржы кеңесшісі" номинациясы бойынша биржа мүшелерін марапаттаудан бас тартты. Ережеде белгіленген номинациядан басқа KASE Басқармасы "Фридом Финанс" АҚ қызметін атап өтіп, қазақтснадық бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша "Қор нарығының креативті қатысушысы" дипомымен марапаттады. Марапаттау рәсімі KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына арналды. KASE алғаш рет биржа мүшелерін 2002 жылы алғаш рет марапаттаған болады. Номинация дипломанттары туралы алдағы жылдардағы ақпараттармен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/members_diplomas мекен-жайында танысуға болады. [2014-05-29]