KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
27.05.14 13:08
/KASE, 27.05.2014/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE)
Биржалық Кеңесі 2014 жылдың 13 мамырында "Қазақстан Халық банкінің
Еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі –
Компания) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың
ұйымдастырылған нарығында "Қазақстан темiр жолы" Ұлттық
компаниясы" АҚ халықаралық облигацияларын шығаруға ұсынысты
ұйымдастыру бойынша биржаға мүдделі мәміле болып табылатын, өтелетін
қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасқаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы №72
қаулысымен бекітілген қаржылық есептілік депозитариін корпоративтік
оқиғалар туралы қор биржасының ақпарттарын, қаржы есептілігі мен
аудиторлық есептілікті интернет-ресурстарда орналастыру Ережесіне
сәйкес , төмендегі ақпаратты ұсынамыз.
Мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
1. Мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні:
қолданылмайды.
2. Мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық қатынасы
осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық
қатынасы: қолданылмайды.
3. Мәміленің негізгі шарттары:
- KASE мүшелерін алдағы уақытта облигацияларға жазылу
жүргізілетіні туралы ақпараттандыру;
- KASE мүшелерінен облигацияларды сатып алуға өтініштерді
қабылдауды ұйымдастыруы;
- KASE мүшелерінен алынған өтініштердің тізілімін қалыптастыру
және осы тізілімді компанияға ұсыну;
- KASE мүшелерінен алынған өтініштерді қанағаттандыру
қорытындысы туралы ақпараттандыру;
- облигацияларға жазылу жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты
таратуы;
- қаржылық шарттары: биржаның аталмыш келісім-шарт бойынша
комиссиялық алымы аталмыш жазылым қорытындысы бойынша
орналастырылған облигациялардың қосынды номиналдық құнынан
0,025 % құрайды (кемінде АЕК мөлшерінің 250-еселік көлемінде
және АЕК мөлшерінің 250-еселік көлемінен аспауы тиіс); егер
жазылым қорытындысы бойынша облигациялармен бірде бір мәміле
жасалмаған болса онда Компания облигацияларды орналастырудан
бас тартады, немесе аталмыш келісім-шарт дүлей күштердің
әсерінен бұзылады, онда KASE комиссиялық алымы АЕК
мөлшерінің 50-еселік көлеміндегі соманы құрайды.
4. Мәміле жасасу күні: 2014 жылдың 23 мамыры
"Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Қазақстан
Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 34 бабы 1
тармағына сәйкес "Қазақстан қор биржасы" АҚ үлестес тұлғасы болып
табылады.
[2014-05-27]