/KASE, 16.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан
Республиксының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банкі) 2014 жылдың 12 мамырында
KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына № 9 (түзетулер) өзгертулер
мен толықтыруларды тіркеді.
Аталмыш түзетулер Биржалық кеңестің құрамына өзгертулер енгізуге
байланысты енгізілді, негіздемесі:
- KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі
(2014 жылдың 18 сәуіріндегі № 24 хаттамасы);
- Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі төрағасының 2014 жылдың 04
наурызындағы " Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкінің
төрағасының 2012 жылдың 23 тамызындағы № 232 бұйрығына өзгерту
енгізу туралы" № 66 бұйрығы.
Акциялардың жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-
сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm9_2014.pdf мекен-
жайында жарияланған.
[2014-05-16]