/KASE, 14.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – KASE немесе
Биржа) өз акционерлеріне 2014 жылдың 29 мамырында акционерлердің
жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады.
Биржалық кеңестің шешімімен (2014 жылдың 13 мамырындағы
№ 18 отырыс хаттамасы) осы жиналыстың күн тәртібіне (мазмұны
Биржаның аталмыш хабарламасында берілген) келесідей сұрақпен
толықтырылды:
- Биржалық кеңес туралы қағидаға енгізілетін № 1 толықтыруды бекіту
туралы.
Күн тәртібінің сұрақтарын қарау реті күн тәртібін бекіткенде анықталады.
Биржа акционерлеріне жылдық жалпы жиналыс өткізу туралы хабарламасы
KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/meeting_290514.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
[2014-05-14]