Қазақстан қор биржасы лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқаны туралы хабарлады
12.05.14 10:03
/KASE, 12.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – Биржа) Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 25 сәуіріндегі қаулысымен
әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бойынша лауазымды тұлғаға 200
айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жаза қолданғаны туралы
хабарлайды. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы" кодексінің 199 бабы бойынша Биржаның қызметі туралы ақпарат
ашу тәртібі мен шарттары талаптарын орындамағаны үшін жазаға
тартылды.
[2014-05-12]