Қазақстан қор биржасы биржаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлады
11.04.14 17:53
/KASE, 11.04.2014/ – Қазақстан қор биржасы (одан әрі – Биржа) Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 10 сәуіріндегі қаулысымен
әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша жүз айлық есептік көрсеткіш
айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданғаны туралы хабарлады. Қазақстан
Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің
179 бабының 4 бөлігінде қарастырылған Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, және бухгалтерлік есеп жүргізу
әдістері заңдарының талаптарымен белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жаза
қолданылды.
[2014-04-11]