Қазақстан қор биржасы биржаның және оның лауазымды тұлғаларының әкімшіліктік жауапқа тартылғаны туралы хабарлайды
20.03.14 17:36
/KASE, 20.03.2014/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – Биржа) Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 14 наурызындағы әкімшіліктік
құқықбұзушылықтар туралы ісі бойынша әкімшіліктік ықпалшара қолдану
туралы қаулыларымен Биржаға және оның лауазымды тұлғаларына
қатысты, жалпы сомасы 1 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
әкімшіліктік шара қолданылғаны туралы хабарлайды, Қолданылған
ықпалшаралар:
- Қазақстан Республикасының "Әкімшіліктік құқық бұзушылықтар туралы"
кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 168-2 бабының 1 бөліміне сәйкес, (бұдан
әрі – Кодекс) Биржаның уәкілетті органға расталмаған есеп берушілік
ұсынғаны үшін;
- Кодекстің 193 бабының 1 бөліміне сәйкес, Биржаның уәкілетті органған
расталмаған есеп берушілігін ұсынғаны үшін;
- Кодекстің 199 бабына сәйкес, Биржаның Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өз қызметі туралы ақпараттар ашу тәртібі мен
шарттарын орындамағаны үшін қарастырылған.
Биржа Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылғандай
уәкілетті органға ұсынатын есеп берушіліктің құрастырылуын және
ұсынылуын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолданады.
[2014-03-20]