KASE Басқармасының мүшесі Н.Ю. Хорошевская KASE Вице-президенті болып сайланды
27.09.13 12:06
/KASE, 27.09.2013/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2013 жылдың 26
қыркүйектегі шешімімен KASE Басқармасының мүшесі KASE Вице-
президенті болып Хорошевская Наталья Юрьевна тағайындалды.
Н.Ю. Хорошевская тағайындалғанға дейін KASE басқарушы директоры
қызметін атқарды.
Н.Ю. Хорошевская 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясының
жанындағы Нарық институтын аяқтаған, 2012 жылы – Ломоносов атындағы
Мәскеу Мемлекеттік университетін бітіріп, "іскер әкімшілеу магистрі"
дәрежесіне ие болды.
Наталья Юрьевна өзінің еңбек жолын 1994 жылы Есептеу палатасының
экономисті лауазымынан бастаған. 1999 жылы Ақпарат және талдау
бөліміне ауыстырылды, кейіннен Ақпарат және талдау департаменті болып
өзгертілген департаментке 2007 жылдан бастап басшылық етті. Биржалық
кеңестің шешімімен 2013 жылдың 28 ақпанында Н.Ю Хорошевская аталмыш
департаменттің директоры лауазымында KASE Басқармасы мүшесі болып
сайланды, ал 2013 жылдың 01 шілдесінен бастап биржаның басқарушы
директоры болып тағайындалды.
Қазіргі уақытта KASE Басқармасы төрт адамнан тұрады: А.М. Джолдасбеков
(Президент), И.М.Сәбитов (Бірінші Вице-президент), А.Ю.Цалюк (Вице-
президент), Н.Ю. Хорошевская (Вице-президент).
[2013-09-27]