"Астана Газ Сервис" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
25.07.13 15:44
/KASE, 25.07.13/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Астана Газ Сервис" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың
01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған акцияларының (тек KZ1C46390015,
KZ000A0X9NR1 жай акцияларының) жалпы саны 102 000 дана.
- компанияның барлық жарияланған акцилары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан
әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген тұлғалар
болып табылады:
------------------------------------------------
Компанияның
Атауы, Жай акциялар, орналастырылған
аты-жөні дана акцияларының жалпы
санындағы үлесі, %
--------------- ------------- ------------------
А.К.Нұров 62 609 61,38
"ГАЗ САУДА" ЖШС 39 391 38,62
------------------------------------------------
[2013-07-25]