Биржаға ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялар жүргізуге лицензия берілді
24.07.12 12:04
/KASE, 24.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
бақылау және қадағалау жөніндегі комитеті Төрағасының 2012 жылдың
29 маусымындағы № 92 бұйрығымен Биржаға ұлттық және шетелдік
валютада банктік операциялар жүргізуге 2012 жылдың 29 маусымындағы
№ 5.3.3. лицензиясы рәсімделді деп мәлімдейді.
Осы лицензия келесідей банктік операцияларды жүргізуге құқық береді:
- банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен
ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- ақша аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлем жасау
және ақша аудару бойынша өкімдерін орындау;
- заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу.
Осы ретте биржа уәкілетті органға 2006 жылдың 20 ақпанындағы № 3
банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен
ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізуге және ақша
аудару операцияларын: жеке және заңды тұлғалардың төлем жасау және
ақша аудару бойынша өкімдерін орындауға лицензиясын қайтарды.