30 МАМЫР KASE АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ

31.05.12 12:19
/KASE, 31.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2012 жылдың 30 мамырында өткен KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында Биржалық кеңестің (KASE Директорлар кеңесінің) жаңа құрамы 2 жылдық өкілеттік мерзімімен 12 адам құрамында сайланғанын хабарлайды. Жаңа сайланған KASE Биржалық кеңесінің құрылымы келесідей: - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне жән биржаның жарғысына сәйкес, төрт сайланбайтын мүшесі (уәкілетті органның екі өкілі, "алтын акция" иесіеің өкілі және биржаның Президенті); - KASE акционерлерінің мүдделерін білдіруші төрт өкіл; - Төрт тәуелсіз директор. KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен KASE акционерлерінің мүдделерін білдіруші өкілдер ретінде сайланғандар: 1) Е.С. Абдразаков– "Сентрас Капитал" ЖШС Бас директоры; 2) А.М. Джолдасбеков – "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 3) Д.С. Карабаев – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары; 4) В.А. Кышпанаков – "ЦентрКредит Банкі" АҚ - "BCC Invest" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. KASE тәуелсіз директорлары лауазымына сайланғандар: 1) А.О. Алдамберген – "Самұрық-Қазына Қаржы" ЖШС бас директоры; 2) Н.Б. Дамитов– "Jazz Capital" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; 3) Ж.Б. Курманов – "Қазақстан Тұрғынүйқұрылысбанкі" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы; 4) М.Ж. Ташметов – "Отан" АЖЗҚ" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары