"АСТАНА-НЕДВИЖИМОСТЬ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЖЕТТІЛІК ҮШІН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МӘЖБҮРЛЕП САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ АСТАНА Қ. ӘКІМДІГІНЕН АРЫЗ ТАЛАБЫН АЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ
18.02.11 17:45
/KASE, 18.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Астана-Недвижимость" АҚ (Астана) мемлекеттік қажеттілік
үшін жалпы ауданы 8,1464 га жер телімдерін мәжбүрлеп сатып алу туралы
Астана қ. әкімдігінен арыз талабын алғандығын хабарлап, Биржаға ресми
хат жолдады.