АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫ "VITA" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) БАНКРОТ ДЕП МОЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

09.02.11 12:44
/KASE, 09.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "VITA" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 08 ақпанында ресми хат жолдап, KASE сұратуына былай деп мәлімдеді. Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "VITA" АҚ банкрот деп танылды. Сот шешімі 2011 жылдың 26 қаңтарында шығарылып, шешім көшірмесі берілген күннен кейінгі 15 күн аяқталған кезде өз күшіне енуі тиіс. "VITA" компаниясының сенімді өкілдеріне Шешім көшірмесі 2011 жылдың 03 ақпанында берілді, тиісінше сот шешімі күшіне әлі енген жоқ. 2011 жылдың 18 ақпанынан дейінгі мерзімде аталмыш Шешім жоғары инстанцияға шағымдалатын болады.