"АСТАНА-НЕДВИЖИМОСТЬ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АРЫЗ ТАЛАТАРДЫ АЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ
21.02.11 12:14
/KASE, 21.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Астана-Недвижимость" АҚ (Астана) Биржаға
ресми хат жолдап, мынадай арыз талатарды алғандығын хабарлады:
- құрылысқа үлестік қатысу туралы 2006 жылдың 28 сәуіріндегі келісім-
шарттың 2.5 тармағын жарамсыз деп мойындау және 2 427 364 теңге
көлемінде шығынды және 24 980 теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды
өндіріп алу туралы А.Б. Құсайынованың "Астана-Недвижимость" АҚ-на
талап арызы;
- Қарағанды қ. әкімдігінің қаулысын, жер телімін сатып алу – сату
келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы Қарағанды қ. әкімдігінің
"Астана-Недвижимость" АҚ-на, Қарағанды қ. Сәулет және қалақұрылысы
бөліміне, Қарағанды қ. Жер қатынастары бөліміне, Қарағанды облысының
Әділет департаментіне талап арызы.