16 наурыз 2025, 02:03
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.10.2024 11:27 #Қаржы құралдары

14 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 11.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 08 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда- саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 08 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 қарашасыннан бастап қайта басталады.

[2024-10-11]