Ірі акционерлердің құрамы өзгерді
/KASE, 19.03.13/ - "Қазақстан қор биржасы" (бұдан әрі - биржа) 
хабарлайды: "Сентрас Инвест" ЖШС (бұдан бұрын биржаның ірі акционері 
болып табылған, 91 527 акциясына иеленген - 16,79 %) 2013 жылдың 13 ақпанында 
өзінің меншігіндегі биржаның акцияларының бір бөлігін сатып, ірі акционерлер 
тізімінен шығарылды.
 
Осы дерек, 2013 жылдың 14 наурызында биржаға келіп түскен, ірі акционерлер 
туралы үзінді көшірмемен расталды.

Биржаның жалғыз ірі акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып 
табылады - 74 935 акция (13,75 %).