Қазақстан қор биржасы биржаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлады
/KASE, 11.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (одан әрі – Биржа) 
Алматы қалалық мамандандырылған әкімшілік ауданаралық сотының 
2014 жылдың 25 сәуіріндегі № 10-210/14 қаулысымен Биржа әкімшілік 
құқық бұзушылық ісі бойынша жүз айлық есептік көрсеткіш айыппұл түрінде 
әкімшілік жаза қолданғаны туралы хабарлады. Қазақстан Республикасының 
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 179 бабының 1 бөлігінде 
қарастырылған қаржы есептілігін дұрыс көрсетпегені үшін жаза қолданылды.

Аталмыш қателіктер әдейі жіберілген жоқ және аралық қаржылық есеп 
берудегі әдістемелік ерекшеліктерге қатысты орын алды.

[2014-05-11]