Ұлттық Банк Е.А. Біртановты "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына келісімін берді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жанындағы қаржы ұйымдары, банктік, сақтандыру холдингі, 
"Сақтандыру төлеміне кепілдік беру қоры"  акционерлік қоғамына басшылық қызметі лауазымына 
үміткерлердің сәйкестігін анықтау мәселелері жөніндегі комиссияның 2015 жылдың 20 тамызындағы 
шешімімен  Есжан Амантайұлы Біртанов "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына 
келісілді.