22 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында M&T Bank Corporation US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
21.11.24 18:07
/KASE, 21.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22
қарашасынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 02 жетоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, M&T
Bank Corporation (АҚШ) US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ)
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 02 жетоқсанында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың
04 жетоқсанынынан бастап қайта басталады.
[2024-11-21]