06 мамырда Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 мамырда болатын МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өтті

06.05.24 15:27
/KASE, 06.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 13 мамырында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 80,4945 % (кірістілігі – жылдық 12,37 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 1 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Астана қ. уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 мамырда болатын МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1520817/ [2024-05-06]